«Ескі қалашық» аумағындағы 15 үй сүрілді

3457
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ кезеңі жұмыстарымен («Ескі қалашық» аумағы) танысты.

Қазіргі таңда аталған нысан бойынша мемлекет мұқтажы үшін алынған 15 үй толығымен сүрілді. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі (тоннел) бөлігі қарастырылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.

Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынған жағдайда жолдың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі сала басшыларына тұрғындардың үйін алу кезінде олардың талап-тілегі ескерілетіндей болу қажеттігін айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер