Алексей Цой: Біз барлық бағыт бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз

2040
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысына іссапармен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясына қарсы штабтың отырысын өткізді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.
— Бүгінгі жағдайға байланысты ұйымдасқан-әдістемелік көмек көрс ету үшін өңірге Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы келіп отырмыз. Біздің міндетіміз — барлық өзекті мәселелерді қарап, анықтау және қайсысын ерекше бақылауға алу керектігін түсіну, — деді Алексей Цой.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Пандемия басталғалы Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының 14 мыңнан аса зертханалық расталған жағдайы тіркелген.
Әзірленген 24 инфекциялық стационардың 18-і іске қосылған. 795 кереуетке адам жатқызылған, оның115-і — реанимациялық, 2808 кереует резервте тұр.
Бүгінде бұл өңірде 37 медициналық мекеме халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді, 173 мобильді бригада жұмыс жасайды.

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтатын және оларды дәрілермен қамтамасыз ететін барлық қажетті шаралар қабылданды.
Ақтөбе облысына 398 575 мөлшек вакцина әкелінген. Екпенің бірінші компонентін 206 271 адам, екінші компонентін 112 304 тұрғын алған.
Рейдтік тексерулердің нәтижесі бойынша 47 бақылау тобы 57 млн теңгеге 464 айыппұл салған.

Бүгінде облыста бизнестің 930 субъектісі «Ashyq» қосымшасын қолданады. Оқшаулау тәртібін бұзған 204 адам анықталып, «қызыл» мәртебесі бар бес ақтөбелік әкімшілік жазаға тартылған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният өңірдегі індетпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді бақылаудың нәтижелерін атады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова коронавируспен ауыру бойынша эпидемиологиялық жағдайдың сараптамасын ұсынды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобының ұсыныстарын орындау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан, сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында ахуалдық орталықтар ұйымдастырылып, М.Оспанов атындағы Батыс қазақстан медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамын қатыстырып, онлайн режимде сатылай оқыту жүргізілді. Сонымен қатар КВИ мен екпеге қатысты сұрақтар бойынша колл-орталық ұйымдастырылды.

— Біздің міндетіміз — коронавирусқа қарсы күресте бүкіл күшті біріктіріп, Мемлекет басшысының медициналық мекемелерді жарықтандыру, науқастарды емдеу тактикасын енгізу және басқа да өзекті сұрақтарды шешу бойынша тапсырмаларын орындау, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту. Біз барлық бағыт бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз,— деді Денсаулық сақтау министрі.
Отырыс соңында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров жұмыс тобының ұсыныстарын орындау және медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша барлық шаралар қабылданатынын айтты.
— Ақтөбенің денсаулық сақтау саласының әлеуеті жоғары. Ең бастысы, жақсы материалдық-техникалық база, жоғары білікті мамандар бар,— деп атап өтті Руслан Хамбаров.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер