Алматыда курсантқа оқ атылған

2940
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтында курсант оқ жарақатын алған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзған. Соның салдарынан абайсызда атылып кеткен оқ екіншісінің аяғына тиген.

Қазір жедел түрде қалалық әскери клиникалық госпитальге жеткізілген зардап шегушіге  барлық медициналық көмек көрсетілуде.

Ал Қорғаныс министрлігі курсанттың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан.

"Курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды. Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Оқиғадан ата-аналары хабардар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде", — дейді Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі Ғани Нүсіпов.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер