Қазақстанға Қытайдан тағы бір вакцина әкелінеді

3863
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанға Қытайдан коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина әкелінбек деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта қытайлық жаңа вакцинаны сатып алу жоспары пысықталып жатыр. Сондай-ақ, вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан аккредиттеуден өтеді. Сондықтан біз үшін вакцинаны барынша тезірек елге жеткізу маңызды болып отыр. Сондықтан қайта бөлінген кезде нақты келісімшарттар жасалады, оның мөлшерін жариялаймыз. Қазіргі кезде келісімшартқа қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Алексей Цой.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер