"Қазақ хандығы" үстел ойынынан тұңғыш рет жарыс өтеді

5120
Adyrna.kz Telegram

"Осыдан 500 жылдан астам уақыт бұрын Еуразияның жүрегі болып құрылған

Қазақ хандығы - сақтардың, ғұндардың, Ұлы Түрүк қағандығының және

Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылады".

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

2017 жылдың 24 желтоқсанында сағат 10:00-де Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында "Grand Park Almaty" сауда және ойын-сауық кешені, 9 павильонында «Қазақ хандығы» атты үстел ойынынан алғаш рет жарыс өтеді.

«Қазақ хандығы» ойынында ойыншы қазақ ру-тайпаларының басын қосып, солардың қолдау табуға ұмтылуы керек. Барлық ру-тайпалардың қолдауын таба білген ойыншы ақ киізге көтеріліп, хан сайланатын болады. Әрбір сұлтанның өз туы, белгі-бөгенайы бар.

Ойын мақсаты – әрбір ойыншы өзінің қарсыласына қарағанда тезірек қазақ руларын біріктіріп үлгеруі керек. Бұл ойында 2-ден 4-ке дейін ойыншылар қатыса алады. Билік темір белгісін немесе киіз үйді ру ұяшығына бірінші болып орналастырып, белгілі мөлшерде рулардың қолдауын алған адам жеңімпаз аталады.

«Ел бірлігі – ел теңдігі», «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» дейді қазақ.

Алдын ала болатын хан сайлау туралы хабарды алдын ала жасауылдар бүкіл қазақтың руына таратқан. Осы жағдайға орай әйелдер мен балалар өздерінің ең жақсы киімдерін киіп, ал еркектер құрылтайға мейлінше қаруланып келген. Онсыз олар дауыс беру құқығына ие емес және аса жас және күшті жауынгерлермен ығыстырылуы мүмкін еді. «Қазақ хандығы» үстел ойыны ойыншыларға жеңімпазды ақ киізде жоғары көтеру үшін, осы еліктірер процесс атмосферасына енуге, қазақ руларының қолдауына ие болуына және оларды өз туының астына біріктіруіне мүмкіндік береді!


Сіздерді осынау айтулы шараның қатысушысы болуға шақырамыз!

Ұйымдастырушылар:

"KOBAZ" ЖК

Халықаралық "Көшпенділер Атамұрасы" қоры

Серіктестері:

"Grand Park Almaty" сауда және ойын-сауық кешені

"Қазақ хандығы" көпсериалы тарихи кинодастаны

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі

"451 градус" әдеби кафесі

Таймкафе в Алматы "Қазақ хандығы" үстел ойынынан тұңғыш рет жарыс өтед"HobbyGames"

ТОО "Nomad drinks"

"Ұлы дала көшпенділері" тарихи-мәдени журналы

Өтетін орны: Алматы қ. Қабдолов к-сі 1,"Grand Park Almaty" сауда және ойын-сауық кешені, 9 павильоны

Өтетін уақыты: 24 желтоқсан 2017 жылы, сағат 10:00-де

Пікірлер