Агата Кристи күйеуінен сұмдық жолмен кек алған

3009
Adyrna.kz Telegram
1926-жылы Британия жолдарының бірінен ішінде әйел тоны бар бос машина табылып, көп ұзамай оның детектив жанрында Англияға ғана емес, бүкіл Европаға таныла бастаған жазушы Агата Кристиге тиесілі екені жария болады.
Лондон полициясы аяғынан тік тұрып, дәл Агата жоғалатын күні оның жеңіл жүріске құмар күйеуі Арчибальд кезекті ашынасымен қала сыртындағы үйінде болғанын анықтайды. ,,Бұны өзіне күдік келтірмеу үшін әдейі ұйымдастырған"- деп газеттер жарыса жазып, халық дүрлігіп ,,оны дереу қамау қажет" деп у-шу болыпты. Арчибальд кірерге тесік таппай, ашынасы оны тастап, басқа қалаға қашып кеткен көрінеді. Бірнеше күннен кейін полицияға жоғалған адамды ,,Swan Hotel" қонақ үйінен көрдім деген хабар түсіп, барса шынында да Агата 5 жұлдызды осы қонақ үйде, өзге әйелдің атымен массаждар, спа-салон қабылдап, шықпастан жатыр екен. Бұл оның күйеуінен кек алу үшін ойластырған іс-шарасы болып шықты, және күйеуінің жер болып, ашынасының оны тастап, қашып кеткенін еске алсақ, орындалды деуге де келеді.
Ал өзі көп ұзамай ажырасып, өзінен он бес жас кіші археологқа тұрмысқа шығады. Сонда біреулер жас айырмашылығын әңгіме қылған кезде Агата:
- Күйеуіңнің, антиквар немесе археолог болғанының артықшылығы,  ,,көнерген" сайын құның артып, бағалана бересің,- деп жауап берген екен.
Рамазан АЖНИЯЗОВТЫҢ
парақшасынан
Пікірлер