Елдос Сметовке тағы бір көлік сыйланды

2915
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сапарбаев спортшының бұл жеңісін жоғары деңгейде бағалап, Жамбыл облысының ғана емес Қазақстанның даңқын көтергенін де атап өтті.

"Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екенінді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың" ,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер