Тоқаев: Ветеринария саласын жетілдіруіміз тиіс

3787
Adyrna.kz Telegram

Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

«Ветеринария саласын да жетілдіру қажет. Бұл салада орталық пен өңірлер арасында міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бұл салада жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс екенін атап өтті.

Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау әрі оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шараларына байланысты Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдау тиіс.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер