Тоқаев: Егемендігіміз бен тұтастығымызды бұзғысы келгендер заң бойынша жауапқа тартылады

3444
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы Жолдау кезінде егемендігіміз бен тұтастығымызды бұзғысы келгендер заң бойынша жауапқа тартылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы. Қазір Қазақстан мүлдем жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес, қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген сын- қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет. Бірлігіміз – әр алуандықта деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтау керектігіне тоқталып өтті.

- Орыс тілі БҰҰ-дағы ресми алты тілдің бірі. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет. Еліміз өркениетті диалог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек.  Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл саладағы рөлі айрықша. Біз отанымыз және барлық азаматымыз үшін жауапкершілікті сезінуіміз қажет,– деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылайша, "Егемендігіміз бен тұтастығымыздың бұзылуына жол бермейміз. Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. Тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап, кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермейміз. Заң бойынша жауапқа тартамыз!»,– деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер