Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған вакцина уақытша тіркеуді алды

3103
Adyrna.kz Telegram

Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы (Komirnati) Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігі 23 тамызда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Комирнати вакцинасына сегіз ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін бергенін хабарлайды.

Комирнати вакцинасын Pfizer мен BionTech бірлесіп жасаған. Вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта бұл препарат ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған деп көрсетілген.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл вакцина тек жүкті әйелдер мен балаларға ғана қолжетімді болатынын айтқан болатын. Бұл жағдайда балаларға тек ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен екпе егілетін болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер