Тәлібтер наразы әйелдерге газ шашып, соққыға жықты

3560
Adyrna.kz Telegram

Кабулда бір топ әйел Ауғанстанда билікті толық басып алған «Талибан» радикалды тобының өкілдері әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді талап ететін наразылық акциясын өткізуге тырысты. Бұл туралы Tоlo News телеарнасы хабарлайды.

Дереккөздің айтуынша,  наразы әйелдер теңдікті, сондай-ақ болашақ Ауғанстан үкіметінде өкілдік ету мүмкіндігін талап еткен. Олар сонымен қатар әйелдердің білім алу мен барлық салада жұмыс істеу құқығын қорғағысы келген. Акция кезінде әйелдер президент сарайына бармақ болған, бірақ тәлібтер оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданып, бірнеше әйелді ұрып жіберген.

2-қыркүйекте Кабул мен Ауғанстанның Герат қаласында дәл осындай митингтер өтіп, онда белсенділер әйелдердің Ауғанстан үкіметіне кіруіне рұқсат беруді талап еткен болатын.

БҰҰ құқық қорғаушыларының айтуынша, қазіргі уақытта ауған әйелдерінің құқықтары бойынша жағдай өте қиын. Оларды көшеде ұрады, мектепке баруға тыйым салады және ұрлап кетеді. 25 тамыздан бастап тәліптер әйелдерге үйлерінен шығуға тыйым салды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер