Неміс тілшісі: Ресейдің біраз жері Қытайға тиесілі

2276
Adyrna.kz Telegram

Неміс журналисі Питер Диттмар Die Welt газетінде жазған мақаласында Ресей XIX ғасырда Қиыр Шығыстағы Қытайға тиесілі жерлерді заңсыз түрде қосқанын мәлімдеді.

Басылым авторы қазіргі Қиыр Шығыстың кейбір аудандарының жергілікті халқына қатысты қатыгездіктер туралы айта отырып, Ресей империясының бақылауына қалай өткенінің тарихын баяндады. Диттмар Қиыр Шығыста орнатылған генерал-губернатор граф Николай Муравьев-Амурскийдің ескерткіштерін әділетсіз дейді. Оның пікірінше Бейжің бұл туралы ұмытқан жоқ.

Неміс журналисті кеңес үкіметі 1917 жылы билікке келгеннен кейін бұл аумақтарды Қытайға қайтармай, уәдесін бұзды деп айыптады. Бұған дейін Жапония Ресейге Курил аралдарына арнайы салық режимін енгізу жоспарына байланысты наразылық жасаған. Жапон үкіметінің Бас хатшысы Катунобу Катоның айтуынша, Ресей билігінің мұндай шешімі Токионың Курил аралдарына қатысты ұстанымына, сондай-ақ осы уақытқа дейін жүргізілген бірлескен экономикалық қызмет туралы пікірталастардың мәніне қайшы келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер