Түркіменстан: Халық вирустан қырылып жатыр, зираттарда орын жоқ

9885
Adyrna.kz Telegram

"Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деп мәлімдеуді жалғастыруда. Алайда, егер сіз Балқанабат пен Жебел ауылының арасында орналасқан зираттың жерсеріктік суреттеріне шолу жасасаңыз, Балқан велаятында өлім-жітім соңғы бір жарым жыл ішінде айтарлықтай өсті деп қорытынды жасауға болады" деп хабарлайды Turkmen.news тілшілері. 

2019 жылдың қыркүйегінде зираттың төрттен бір бөлігі ғана қабірлер болса,  2020 жылдың күзінде зираттың тең жартысында жаңа өабірлер пайда болған. Ал 2021 жылдың маусым айында зиратта жерлейтін бос орын қалмаған.

2020 жылы тәуелсіз БАҚ журналистері зираттардың спутниктік суреттеріне сүйене отырып, Түркіменстанда коронавирустың таралуы туралы қорытынды жасауға тырысты. Билік қаза тапқандардың бір зиратқа жерлеуге тыйым салып, өлім санын жасыруға тырысты. Алайда елдегі барлық зираттарды жаңа қабірлер саны күн сайын артып келеді.

Түркіменстанда коронавирустың бірінші толқыны 2020 жылдың жазында, екіншісі - 2020-2021 жылдың аяғына тап келді. 2021 жылдың жазында үшінші толқын басталды, бұл алдыңғы екеуіне қарағанда айтарлықтай ауыр болды. Ақпарат көздеріне сүйенсек, қазір әрбір отбасында ауырған жандар бар. Елдің әрбір азаматы таныстарының арасында кем дегенде бір адамның вирустан көз жұмғанын айтады.

Жаздың соңында билік әр түрлі санитарлық шектеулерді жаңартуға көшті, сонымен қатар науқастарды қабылдайтын медициналық мекемелердің санын кеңейтуге мәжбүр болды. Ахал велаятында COVID-19 жұқтырғандар Чоганлыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына ғана емес, сонымен қатар президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың туған ауылы Ызгантадағы жаңа ауруханаға жатқызыла бастады. 2020 жылдың қарашасында мемлекет басшысы осы мекемені ашқанда, коронавирус Түркіменстада жоқ деген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер