«100 мың адам»: Каталония Испаниядан ел тәуелсіздігін талап етті

2334
Adyrna.kz Telegram
People hold up Esteladas (Catalan separatist flag) during the National Day Catalonia, called 'La Diada', in Barcelona, Spain, September 11, 2021. REUTERS/Albert Gea
People hold up Esteladas (Catalan separatist flag) during the National Day Catalonia, called 'La Diada', in Barcelona, Spain, September 11, 2021. REUTERS/Albert Gea

Испанияның Каталония аймағында 100 мыңнан астам адам ел тәуелсіздігін талап етіп, митингке шықты. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шеруді Каталония Ұлттық ассамблеясы ұйымдастырған.

Полицияның мәліметінше, көшеге шамамен 108 мың адам шыққан. Ал ұйымдастырушылар олардың саны 400 мыңнан көп болғанын алға тартып отыр. Бұл 2017 жылғы наразылық кезінде қамауға алынған, азаттықты талап еткен қозғалыстың 9 көшбасшысы бостандыққа шыққаннан кейінгі ең ірі ереуіл болып отыр.

Полиция ондаған белсендіні қамауға алды.

Айта кетейік, келесі аптада Орталық және аймақтық үкіметтер Барселонада 2020 жылдың ақпан айынан бастап тоқтатылған Каталониядағы саяси қақтығыс туралы келіссөздерді қайта бастау үшін кездеседі деп күтілуде. Алайда Испания үкіметінің төрағасы Педро Санчес бұл келіссөздерге қатысатындығын әлі растаған жоқ.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер