Тұрсынбек Қабатовтың қызы шетелге оқуға түсті

5050
Adyrna.kz Telegram

Қоғамды әбігерге салып үлгерген белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов орын алған дау-дамайдың алдын алу мақсатында қызын шетелге оқуға түсіріпті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өйткені Әдемі Тұрсынбекқызы өзінің жеке әлеуметтік парақшасында "менің университетім" деген жазумен Дубайда жүрген видеосын жүктеп үлгеріпті. Байқауымызша, бұл жер Дубайдағы университеттердің бірінің алды.

Белсенді желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен бірге үш күн бұрын Парсы шығанағына кеткенін жақсы біледі. Олардың пайымынша, әзілкеш демалудан бөлек, қызының оқуы мәселесін де шешіп келетін сияқты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспан Тұрсынбек Қабатовтың биыл мектеп бітірген Әдемі есімді қызы ҰБТ-ға өзінің орнына Сымбат Қанай атты 2 курс студентінің тест тапсыруға кіргенін өз парақшасында жазған болатын. Көп ұзамай бұған байланысты Тұрсынбек Қабатов өзі бұл ақпаратқа қатысты түсінік беріп, болған жайтты растады. Алайда әзілкеш бұл істен бейхабар екенін, бұған отбасының қатысы жоқ екенін, бәрін тестке даярлау орталығы ұйымдастырғанын мәлімдеген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер