Жетім баланы бөтен отбасына берген қызметкерге үкім шықты

2059
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қалалық соты жетім баланы бөтен отбасына тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңге сомасында пара алған білім беру бөлімінің балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісіне үкім шығарды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ҚазАқпарат-қа" сілтеме жасап.

— Алматы облысының Талдықорған қалалық сотының үкімімен Талдықорған қаласының білім бөлімі балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.Тұяқбаевқа 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот үкімімен К.Полномочнова 4 млн теңге мөлшерінде айыппұл арқалайтын болды. А.Тұяқбаев К.Полномочнованың делдалдығымен жетім баланы бөтен отбасына тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Бұл туралы тергеуші Antikor ақпарат алаңында болған жиында мәлімдеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер