МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ: Күршімнің "көрін" кім қазып жатыр?

3518
Adyrna.kz Telegram
Күршімнің тағдыры Кимнің қолында ма? Сіз кімсіз, Ким мырза?
Алтынды арпа құрлы көрмейтін жемқорлар жымдасса, тұмса табиғатты тұтас өртеп жіберуге бар. Бұның айшықты көрінісін іздесеңіз Күршімге барыңыз. Алтынқұмар апайтөс аждаһалардың аранына қарсы киелі Күршімнің елі де, жері де қарсы тұра алмай әлек.
Маған сұхбат берген тұрғындарға әлден қысым көрсетіп жатыр, дейді. Білемін, оңай адам АЛТЫН қазбайды. Бұның артында үлкен кісілер тұр.
(негізі атамның басына құран бағыштау үшін барғанмын). Күршімдіктердің жанайқайын телефоныма түсіріп алып, шағын репортаж жасадым.(әуесқой түсірілім).Қайта сол ауылдан дрон табыла кетті.
8 минут уақытыңызды бөліп көріп шығыңыздаршы. Түсінесіз, жүрегіңіз ауырады.
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, экожүйесі қыл үстінде тұрған Күршімнің проблемасын тікелей назарыңызға алып, арнайы коммисия жіберуіңізді сұраймын.
Видео Мақсат Толықбайдың Facebook парақшасынан алынды:
Мақсат ТОЛЫҚБАЙ,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер