Алматыда үйлер неге жиі өртенеді?

2668
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің департамент бастығы Алматыдағы ескі үйлерде жиі өрт шығуының бірнеше себебін айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі өрт қауіпсіздігі бойынша брифинг кезінде журналист “неге Алматының ескі орталығында өрт жиі орын алады, содан кейін бұл өртенген үйлердің орнына жаңа зәулім үйлер салынуда деп сұрады.

«Бұл кездейсоқтық па, әлде біреу мұны әдейі істеді ме, бұл туралы біржақты айту мүмкін емес. Мұндай фактілер бойынша құқық қорғау органдары да тергеу жүргізіп жатыр. Бұл үйлер кеңестік кезде 50 -ші жылдары салынған.

Егер бұрын қарапайым пәтерде тоңазытқыш пен теледидардан басқа электр құрылғылары болмаса, қазір плиткалардың барлық түрлері, микротолқынды пештер, компьютерлер, зарядтағыштар, кептіргіштер бар.

Электр желілері барлық жерде төтеп бере алмайды, нәтижесінде өрт шығады », - деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бастығы Ерлан Төрегелдиев.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы өрттің жиі кездескен себебі (34%) электр қондырғыларының бұзылуы екен.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер