Үндістанның екі қаласында теракт орын алды

2123
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның Джамму мен Кашмир қалаларында теракт орын алып, байланыс қызметінің бәрі тоқтап қалды. Бұл жайында Үндістанның әскери ақпараттық арнасы  NDTV хабар таратты.

NDTV арнасының айтуынша, жергілікті тұрғындар бейберекет жатқан кеш уақытында орын алған. Аталған содырлар Үндістанның шекарасын Пәкістан арқылы басып өтіп, кіріп келген. Теракт болған жерде Үндістанның әскери қызметкерлері қаза тапты.

Қазір террористтерге қарсы әскери операцияның басталғанына 30 сағаттан артық уақыт жұмсалды. Террористтермен күрес, іздеу шаралары жалғасып жатыр. Үндістанның билігі террористтердің осы әрекеттері үшін Пәкістанды кінәлап отыр. Ал, Пәкістан тарапы бұл айыптауды жоққа шығарып, Кашмир тұрғындарының содырлармен күресін қолдайтынын әрі күрес жүргізу олардың құқы екенін жеткізді. Террорлық әрекеттерден кейін Үндістан мен Пәкістанның дипломатиялық қарым-қатынасы күрт нашарлап кетті.

Үндістан мен Пәкістанның арасында 2016 жылы  "Джаиш-е-Мухаммад" террорлық ұйымының шабуыл әрекеті орын алып, екі ел бір біріне дұшпандай болып еді. 2019 жылы Джамму мен Кашмирде жарылыс болып, салдарынан бірнеше адам қаза тапқан.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер