Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі тәлібтермен кездесіп, екі ел арасындағы қатынасты талқылады

5102
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев жексенбі күні Кабулда Ауғанстанның сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Моттакимен кездесті, оны тамыз айында елді басып алған "Талибан" қозғалысы тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл қазақстандық өкілдің Қазақстанда террористік деп танылған қозғалыс жетекшілерінің бірімен жоғары деңгейдегі алғашқы байланысы.

- Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауданы дамытудың маңыздылығын атап өтіп, сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге уәде берді, - деп мәлімдеді Талибан өкілі Twitter -де.

- Елші Кабулдағы қауіпсіздік жағдайына қанағаттанушылық білдіріп, Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды, - делінген содырлардың тағы бір хабарламасында.

ҚР Сыртқы істер министрлігі осы уақытқа дейін бұл кездесу туралы ештеңе хабарлаған жоқ. Бұған дейін ел билігі Ауғанстанның жаңа басшылығымен байланыс орнату қажеттілігі туралы мәлімдеген болатын. Қазақстан соңғы жылдары елімізге астық, ұн және отын сата отырып, Ауған билігімен тұрақты сауда байланыстарына ие болды.

Айтай кетейік, бұған дейін "Талибанмен" Өзбекстан мен Қырғызстан байланыс орната бастаған болатын. Тәжікстан "Талибанмен" байланыс мүмкіндігін үзілді-кесілді жоққа шығарды және Ауғанстан ішінде оған қарсылықты ашық қолдап отыр. Талибан содырлары Кабулды басып алғаннан кейін Қазақстан өз елшілігін толығымен эвакуациялай алмады, тек дипломаттар мен олардың отбасыларының бір бөлігін ғана алып кетті. Тамыз айында Талибан Кабулдағы Қазақстан Елшілігін күзететіні хабарланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер