30 қыркүйекте Алматыда дабыл қағылады

3288
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 12: 55 -те Төтенше жағдайлар департаменті дабыл жүйесінің дайындығына техникалық тексеру жүргізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тексеріс «Барлығыңыз назар аударыңыздар!», деген бірыңғай ескерту сигналын қарастырады. Электрлік сиренаны қосу арқылы, теледидар мен радиоарналарды автоматты түрде ұстау, сонымен қатар тұрғындарды ескерту жүйесінің дайындығын тексеру туралы хабардар етеді. Біз Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырамыз, - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Департамент қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, төтенше жағдайда электрлік сиренаны қосқанда тәртіп ережелерін еске салуды сұрайды.

Егер үйде болсаңыз:

  • радио, радио хабарларын және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
  • жедел хабарды тыңдау;
  • жіберілген хабарламаға сәйкес әрекет ету.

Егер көшеде естісеңіз:

  • көшедегі дауыс зорайтқыштар мен мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілетін жедел хабарды тыңдаңыз;
  • жіберілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз, - деп толықтырды бөлімде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер