Қазақстан Парижде өтетін Junior Eurovision ән байқауына қатысады

2919
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Junior Eurovision 2021 ән байқауына қатысады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Байқау 19 желтоқсанда Париждегі La Seine Musicale концерт залында өтеді.

Ұлттық іріктеу 4 кезеңде өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасы мүшелерінің бағалауы мен SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Ең көп ұпай жинаған финалист Қазақстан атынан Junior Eurovision ән байқауына қатысады.

19 -шы кіші Евровидение байқауына 19 ел қатысады: Албания, Армения, Әзірбайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина.

Қазақстан алғаш рет 2018 жылы Junior Eurovision байқауында дебют жасады. Ел атынан «Өзіңе сен» әнін орындаған Данэлия Тулешова қатысты. Ол алтыншы орынды иеленді.

2019 жылы Ержан Максим «Арманнан қалма» әнімен екінші орынды (қазылар алқасының шешімімен) бірінші орынға ие болды.

2020 жылы пандемияға байланысты Junior Eurovision қашықтан өткізілді, барлық қойылымдар жазылды. Байқауда Қазақстан намысын «Forever» әнімен Қарақат Башанова қорғады, қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша ол 13 қатысушының арасында екінші орын иеленді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер