Түркіменстан жастары: "Диктатор кет, түркімен халқына бостандық"

3551
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың режимін сынайтын шетелде тұратын түрікмен белсенділері АҚШ пен Еуропаның қалаларында шерулер өткізуде. Наразылық білдірушілер қоғам мен халықаралық ұйымдардың назарын әлеуметтік-экономикалық қиындықтар мен саяси қысымға тап болған Түркіменстан тұрғындарының мәселелеріне аударуға тырысуда.

28 қыркүйекте Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінің алдында бір топ түркімен азаматы келіп, наразылық акциясын жасады. Акция 29 қыркүйекте БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің алдында жалғасты. Олар қолына "Диктатор кет", "Түркімен халқына бостандық" деген жазуы бар плакаттар ұстаған.

Түркімен белсенділері Түркіменстанда адам құқығын өрескел бұзу, саяси қайраткерлерді қудалау мен өлтіру, қысым жасаудың артқанын айтуда. Сонымен қатар коронавирустық шектеулер елдің әлеуметтік жағдайын нашарлатып жібергенін де тілге тиек етуде. Ресми мәлімет бойынша Түркіменстанда коронавирус жоқ, ал бейресми деректер бойынша Орталық Азияда вирустан көз жұмушылар бойынша Түркіменстан көш бастауда.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер