Соғыс: Тәлібтер мен тәжіктер шекараға ондаған мың әскер шоғырландырды

5974
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстан Ауғанстанмен шекаралас аймаққа мыңдаған әскерін шоғырландырып жатыр. Ауғанстан тарапынан тәлібтер де шекара маңына өз жасақтарын әкелуде. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Тәлібтер Тәжікстанмен шекаралас Тахар аймағына он мыңнан астам арнайы жасақтарын шоғырландырғын. Ресей тараптар әскери қақтығысқа түспей, мәселені бейбіт шешуін сұрап, келіссөз алаңын беруге дайын екенін ескертті.

"Біз тәжік-ауған шекарасында жағдайдың ушығып бара жатқанына қынжылыспен қарап отырмыз. Шекара маңына екі тараптың да әскер топтастырып жатқаны жайлы хабарламалар бар. Тәлібтердің мәліметі бойынша тек қана Тахар ауданының өзінде ондаған мың арнайы жасақтары тұр", - дейді Ресейдің СІМ өкілі Алексей Зайцев.

Тәжікстан мен тәлібтер арасында қарама-қайшылықтар артуда. Тәлібтер Тәжікстан ішкі ісімізге араласуда десе, Тәжікстан тәлібтер Ауғанстанда этникалық негізде қысым жасауда дегенді айтуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер