Қанды қырғын: Ауғанстанда тәлібтер мен ДАИШ содырлары арасында соғыс басталды

6804
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ауғанстанның Парван аймағындағы Чарикар қаласында жойқын жарылыстар болып, артынша атыс басталды. Afghanistan International арнасы хабарлағандай қарулы қақтығыс "Талибан" жасақтары мен ДАИШ содырлары арасында болған. Белгілі болғандай ұрыста ондаған адам қаза тапқан. 

Ауғанстанда тәлібтер басып алғаннан кейін ДАИШ содырлары жаңа билікке ашық қарсылық көрсететінін білдіріп, 26-тамызда Кабул әуежайында жойқын жарылыстар жасады. Артынша Ауғанстанның бірнеше аймағында тәлібтер мен ДАИШ содырлары арасында шайқастар басталды. ДАИШ содырлары арнайы пәтуә шығарып, онда бетпе бет ұрыстан аулақ болуға, тәлібтерге жарылыстар мен террор арқылы жауап қатуға шақырды.

Ауғанстанның солтүстік аймақтарында ДАИШ содырлары ондаған тәлібтерді қырып салғаны жайлы ақпарат бар. Сарапшылар қос террорлық ұйым арасындағы қақтығыс нағыз соғысқа ұласады деп отыр.

Пікірлер