Байбек жеңді ме: Сот Жанболат Мамайға айыппұл салды

3833
Adyrna.kz Telegram

Алматы соты саяси белсенді және журналист Жанболат Мамайға биліктегі "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті сыбайлас жемқорлыққа айыптаған бейнероликті алып тастаудан бас тартқаны үшін 140 016 теңге айыппұл салды. Сот отырысы Әуезов аудандық сотында талапкер Бауыржан Байбектің қатысуынсыз онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Іnformburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамай сот шешімін орындамайды.Жеке сот орындаушысы Жайнара Әлсейітова Жанболат Мамайдың билік партиясы төрағасының орынбасарының талап арызы бойынша сот шешімін орындамағанын айтты. Белсенді өз фильмінде Бауыржан Байбекті Алматыда мафиялық-сыбайлас жемқорлық құрылымын құрды деп айыптаған. Сот фильмде ұсынылған ақпаратты Бауыржан Байбектің абыройына нұқсан келтірді деп тауып, Жанболат Мамайға фильмді алып тастауды және 10 күннің ішінде әлеуметтік желілерде өз ойының теріс екенін жариялауды міндеттеді.

"27 тамызда маған атқару парағы келіп түсті. Дәл сол күні борышкерге тапсырыс хатпен шара қолдану туралы ескертуі бар хабарлама жіберілді. 3 қыркүйекте мен Мамайдың кеңсесіне бардым және хабарламаны жеке тапсырдым, ал борышкер арызданушыға қатысты қылмыстық іс қозғау үшін прокуратураға жүгінгені туралы айтып соған байланысты ол құқық қорғау органдарының ресми жауабын күтіп отырғандығы жөнінде жазбаша түсініктеме берді. Бүгінгі күнге дейін талаптар орындалмаған", - деді сот.

Белсендінің қорғаушысы Ерлан Қалиев "Байбек мырзаның тарапы сыбайлас жемқорлық тергеуіне негіз болатын дәлелдеме базасын толық жоюды талап етіп жатқанын" мәлімдеді.

"Шағым бойынша айтатын болсам, менің сенім білдірушім ақпаратты өшіруден бас тартуы түсінікті жәйт, себебі бұл фильм тікелей әкімнің іс-әрекетінде сол жылы қаланы басқарған Бауыпжан Байбектің қылмыстық әрекет белгілерінің болуын көрсететін журналистік зерттеу фильмі. Бір эпизод бойынша мемлекетке, дәлірек айтқанда, Алматы бюджетіне 11 миллион доллар көлемінде залал келтірілген деп болжанады. Бұл 4 миллиард теңгеден аса ақша", - деп түсіндірді Ерлан Қалиев.

Мамайдың берген түсінігі. Жанболат Мамайдың өзі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінен сот шешімінің заңдылығын растамайынша, ол видеоларды жоймайтынын айтты.

"Менің ойымша, қазақстандық соттар "Нұр Отан" мен ел билігінің нотариалды кеңсесіне айналып кеткен. Соттарда әділдік жоқ. Біз бұған бүгін көз жеткіздік. Менің соттарға деген сенімім қалмады. Біз Алматы прокуратурасына арыз жаздық. Бірақ оны қараудың орнына ол іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бізге жауап бермей, хатты Тәшенова ханымға бағыттайды. 1 қазанда біз Бас прокуратураға өтініш жібердік. Қазір біз олардың жауабын күтіп отырмыз. Осыдан кейін біз кассациялық шағым жолдаймыз және міндетті түрде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жібереміз. Егер БҰҰ Байбек таза, ұрлық жасамаған десе, мен өз кінәмді мойындаймын. Әділдік болмайынша, біз шешімді орындамаймыз", - деп түсіндірді Жанболат Мамай өз ұстанымын.

Бауыржан Байбек өкілінің оқиғаға түсінігі. Заңгер Айжан Тәшенова Жанболат Мамайдың Бауыржан Байбек қайырымдылық қорына берген 800 000 теңге сомасындағы сот шығындарын өтеу туралы сот шешімін орындағанын айтты.

"Мамай ашық түрде соттарға сенбейтінін және сот шешімін орындамайтынын айтады. Бұл оның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамайтынын білдіреді. Ол әркезде әртүрлі сылтаулар тауып қашып жүреді. Бірақ прокуратура мен түрлі мемлекеттік органдарға шағымдану сот шешімін орындамауға негіз немесе дәлелді себеп болып табылмайды. Апелляциялық шешім қабылданғаннан кейін Мамай тағы да тоғызға жуық бейнеролик шығарды және онда менің клиентімді ренжітуде, жалған әрі қате деректер таратуда. Бұл тағы да оның дәлелсіз сот шешімін орындамайтынын көрсетеді. Ол өз арнасында миллиондаған ұрлық жөнінде сұмдық өтірікті таратуды жалғастыруда", - деді ол.

Соттың шешімі. Судья Рабиға Аблолданова жеке сот орындаушылар институты өндірісін тоқтатудан бас тартты және сот шешімінің орындалуы туралы сот орындаушысының өтінішін орындамағаны үшін мемлекет кірісіне 140 016 теңге айыппұл өндірді.

Пікірлер