Францияда қорқынышты құпия ашылды: 216 мыңдай адам зорлық-зомбылық құрбаны болған

2831
Adyrna.kz Telegram

Францияда діни қызметкерлердің жантүршігерлік қылмыстарын әшкере қылған баяндама жарияланды. Оған сәйкес жүздеген зорлаушы анықталып, ондаған мың құрбан туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

РИА Новости хабарлауынша, жақында Францияда арнайы баспасөз мәслихаты өткен. Онда 1950 жылдан бері 216 мың баланың зорлық-зомбылық құрбаны болғаны айтылды.

Сондай қорлықты көргендердің бірі Лион қаласының тумасы Кристиан Дюбрай журналистерге өлгісі келгенін айтқан. Оның айтуынша, ол 11 жаста болғанда оның отбасымен діни қызметкер дос болған. Қызметкер әр бейсенбі сайын балаға сабақ беруге үйіне келіп отырған. Алайда серуен кезінде Кристианға тиісіп, ата-анасы екінші қабатта болғанда үйде зорлауға тырысқан.

Кристиан өзінің бұл оқиғасын 2020 жылы ғана айтқан. Ал оған тиіскен адам елдегі шіркеу қызметінде жүрген 3 мың педофилдің бірі болып шықты.

Арнайы комиссия соңғы 70 жыл ішінде шіркеуде жұмыс істеген 115 мың діни қызметкердің үш пайыздан астамы педофилияға қатысы бар екенін анықтаған. Тергеушілердің пікірінше, бұл сандар әдейі төмендетіліп көрсетілген.

Франция заңдары бойынша мерзімі өткен бұл істермен енді Ватикан айналысады. Егер педофилияға және олардың қылмысын жасырынуға қатысы бар адамдардың кінәсі дәлелденсе, онда жүздеген діни қызметкерлер өз атақ-дәрежесінен айырылады. Жәбірленушілерге бірнеше миллион АҚШ доллары көлемінде өтемақы төленеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер