Қызылорда облысында жарылыс болды

4445
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында мектеп қазандығында жарылыс болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  11 қазанда таңғы сағат 08.15-те департаменттің дағдарыстық жағдайлар басқармасына Қазалы ауданы, Тасарық кентінде №238 орта мектеп аумағында жеке тұрған, қатты отынмен жылытатын қазандық (мектептен қашықтығы - 50 метр) тұтанбай жарылып, кейін 64 шаршы метр аумақта ғимараттың қабырғалары ішінара бұзылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқуға кедергі келтірмеген (ауа температурасы  +9 градус). Қазандық үйінділерін ретке келтіру жұмыстары мектеп қызметкерлерінің күшімен (15 адам және 2 техника) жүргізіледі", - делінген хабарламада.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер