G20: Ауғанстанды құтқармаса, Орталық Азияны босқындар басады

2329
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету елдегі гуманитарлық апаттың, сондай-ақ басқа мемлекеттерге босқындардың ағылуын тоқтату үшін қажет.  Бұл мәлімдемені G20 саммитінде Италия елінің өкілдері жасады.

"Гуманитарлық көмек гуманитарлық апатты болдырмау үшін қажет, нәтижесінде Ауғанстаннан аймақ елдері мен одан тыс жерлерге мигранттардың бақылаусыз ағымы тоқтайды. Егер олай етпесек, ОРталық Азия мен Таяу Шығысты босқындар легі басады", - деді саммитке қатысушы Италия өкілдері.

G20 елдерінің басшылары атап өткендей, гуманитарлық көмек көрсету әсіресе ауған халқының осал топтары үшін маңызды. Әйелдер мен балалар көмекке мұқтаж. Бұл мәселе БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да ірі халықаралық платформаларда ғана емес, елдер арасындағы екіжақты келіссөздерде де жиі көтеріледі.

Мысалы, Өзбекстан Үндістан, Пәкістан, Иран, Қытай, Германия және басқа мемлекеттермен ауған тақырыбын белсенді түрде талқылап жатыр. Бұған дейін Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев өзбек-ауған шекарасындағы жағдайды күн сайын бақылауда ұстайтынын айтқан болатын. Ауғанстандағы жағдайға Тәжікстан мен Түркіменстан да алаңдаулы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер