Ақтөбеде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш қойылды

3715
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ақтөбеде ақын Төлеген Айбергенов пен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты өтті.
Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Шәмші Қалдаяқовтың апасы - Райхан Домбаева, ақын Төлеген Айбергеновтің қызы - Махаббат Айбергенова, ақын-жазушылар, т.б. қатысты.
"Қадірлі ел ағалары, бауырлар! Біз бүгінгі күні «Алтын бесік - Ақтөбенің» төрінде орын алған тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Күні кешегіміз бүгін тарихққа айналса, бүгінгіміз ертеңгі тарих болмақ.​ Қазақ даласы дарынды тұлғалалардан кенде емес. Қай-қайсысының да тарих төрінен ойып алар өзіндік орны бар. Бөліп –жаратын ештеме жоқ. Дегенмен сол таланттар шоғырының ішінде​ Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовтың орындары ерекше",- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

     
Ескерткіштер қала орталығында – ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы Ғашықтар аллеясында орналасқан. Төлеген Айбергенов ескерткішінің биіктігі - 3,2 метр. Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші композитордың қолына музыкалық аспапты алған күйі отырғышта отырғанын бейнелеген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер