Бүгін қамауда отырған Біртановтың туған күні

4089
Adyrna.kz Telegram

Бүгін экс-министр Елжан Біртановтың туған күні. Үйқамақта отырған Біртанов бүгін елуді еңсерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Осыдан тура бір жыл бұрын мемлекет қазынасынан 526 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген экс-министр қазіргі таңда үйқамақта отыр.

Естеріңізде болса, Елжан Біртанов - Президент жарлығымен 2020 жылдың маусымның 25-де қызметінен қуылған еді.

Досым СӘТПАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Негізі денсаулық саласында бірінші рет коррупциялық жанжал туындап отырған жоқ. Жемқорлықтың тамыры тереңде жатыр. Менімше бұл жерде ол, "құрбандыққа кеткен жан".

Яғни пара алып "дөкейлер де" ұсталып жатыр дегеннің көрінісі. Қалай болғанымен жан-жақты дұрыс тергеу қажет. Тағы бір айта кетерлігі короновируспен күресте бір ғана - Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес көптеген мекемелер мен жергілікті билік өзінің қауһарсыздығын көрсетті,- деген еді.

Тек қана саясаттанушылар ғана емес, қарапайым халық та Біртановтың жазықсыз екеніне сеніммен қарайды. "Көптің күнәсін арқалады" деген де пікірлерді естіп жүрміз.

Журналист Гүлмира Әбікай Біртановты 50 жасымен құттықтап, әсерлі жазба қалдырды. Айтуынша, арбаға таңылған Томирис атты піл аяқ қыздың еміне көмек сұрап жазған хатын жауапсыз қалдырмаған.

“Экс-министр Елжан Біртановқа бір тілекші бар болса, ол Томирис екеуміз. Ең алғашқы бағдарламада созақтық Томиристің жағдайын көрсеттік. Піл аяқ қызға ота жасалуы керек еді. Оның тағдырын баяндап, Елжан БІртановқа хат жаздым. Ол кісі “көмек көрсетеміз, қажет болса шетелге емдетеміз” деп жауап берді. Содан шетелге шықпай-ақ астанада ем жасаттық. 8 отаның 4-уі жасалды. Томиристің томардай аяғы кішірейіп, аяққа тұрды. Ақырындап жүре бастады. Бірінші рет бәтіңке киді. Көршілері құтты болсын айтып, бәтіңкесіне көрімдік беріп жатыр. Шағын ауыл үшін бұл үлкен қуаныш”, – деп жазды журналист.

Сондай-ақ Біртановтан кейін отырған жаңа министрлерге сын тақты. Олар көмекке мұқтаж кейіпкерлерге көмектеспек түгіл, хатқа жауап жазбағанын да ашып айтты.

“Бүгін Елжан ағамыз ердің жасы 50-ге толды. Өз басым жүзі жылыдан түңілмеймін, ақталып шығуына тілектеспін. Біртанов қалай қамауға алынды, одан кейінгі министр қиналған кейіпкерлерге көмектеспек түгіл, белгілеген бір постқа жауап берген емес!”, – деді Әбіқай.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер