Жылқыны қағып кеткен: жол апатынан жүргізуші көз жұмды (видео)

4675
Adyrna.kz Telegram

Қордай ауданындағы тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«18 қазан сағат 20:45 шамасында Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі – 43 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автотрассасының 171-шақырымында жылқы малын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік жүргізуші көптеген дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды»,– делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер