61 жастағы павлодарлық сүйіктісін қызғаныштан өлтірді

2825
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының тұрғыны ғашығын қызғаныштан өлтірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Маусым айында Успен аудандық полициясына ауыл тұрғыны хабарласты. Ер адам қорыққан дауыспен үйінің ауласында 28 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі болғанын айтты. Келген полиция қызметкерлері куәгерлерді тексеріп, оқиға орнына мұқият тексеру жүргізді. Бұл істі тергеу полиция бөлімі бастығының орынбасары Асқар Аралбаевқа, сондай-ақ аға тергеуші Мақсат Дүйсембаевқа тапсырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық жағдайды зерттеу, сондай-ақ куәгерлермен сұхбаттасу кезінде полиция өлтірілген адамның Успенка ауылының 61 жастағы тұрғынымен біраз уақыт қарым-қатынаста болғанын анықтады.

Бірақ ер адамның үнемі жанжалдары мен шабуылдарының салдарынан бірге өмір сүрме алмады. Сондықтан қыз сүйіктісінен кетуді шешкен. Алайда қыздың барар жері болмағандықтан, ол танысының үйінде уақытша тұрған. Көп ұзамай Павлодардан үй иесіне досы қонаққа келеді. Осылайша, қаладан келген қонақ пен қыздың арасында сезім пайда болып, олар қалаға бірге оралуды шешті. Бірақ бұл романтикалық оқиға бәріне ұнаған жоқ. Бұрынғы сүйіктісінің жаңа қарым-қатынасқа түсіп, ауылдан қалаға кетіп жатқанын білген 61 жастағы ауыл тұрғыны ашуға берілді. Шамадан тыс ішімдік ішкеннен кейін пышақ алып, қыз уақытша тұратын үйге бет алған.

«Ер адам онымен сөйлесуге тырысып, қайта оралуға көндірмек болған. Бірақ ешқандай сылтаулар мен сендірулер қызға әсер етпеген. Содан кейін ер адам қалтасынан пышақты алып, бұрынғы сүйіктісінің кеудесіне сұғып алған»,– деп атап өтті қызметкерлер.

Ер адам осы қылмысты жасағаны 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер