"Ералаштың" қоюшы режиссері балаларға қол жүгірткен

2494
Adyrna.kz Telegram

Әйгілі "Ералаш" балалар киножурналының қоюшы режиссері Илья Белостоцкий балаларға қол жүгірткен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Gazeta.ru басылымының ақпаратына сай, Белостоцкий қазір тергеу изоляторында. Режиссерге қатысты қылмыстық іс Мәскеуде тіркелген.

"Илья Белостоцкий Мәскеуде кәмелетке толмағандарға қатысты азғындық әрекеттері үшін ұсталды, бірақ кейінірек айыптау Қылмыстық кодекстің 3-бабының 134-бөлігіне сай (он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас және басқа да жыныстық әрекеттер) айыпталды, оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін", - делінген ақпаратта.

Белостоцкийдің бұған дейін де педофилия күдігіне іліккені белгілі болды. Ол бір жыл бұрын кәмелетке толмағандарға қатысты азғындық әрекеттері үшін ұсталған екен. Алайда содан бері туыстары бұл жайтты жұрттан жасырып келген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер