"Талибанмен" болған қақтығыс: 17 адам қаза тапты

5058
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның Герат қаласында Талибан содырлары мен белгісіз қарулы адамдар арасындағы атыс кезінде 17 адам қаза тапты, оның ішінде балалар да бар. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы  Ettela’at-e Rooz газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау өкілі газетке өлтірілгендердің ішінде жеті бала, үш әйел және жеті ер адам болғанын айтқан. Алайда Гераттағы Талибан полиция бөлімі Тент-Бридж ауданындағы қақтығыста төрт адам мерт болғанын айтты.

- Олар тұрғын үйден шығарылу кезінде атыс бастағаны үшін өлтірілді, - дейді полицияда.

Айта кетейік, атыс 3 сағатқа созылған. Қаза тапқандардың денесі Герат аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың жеке басы әлі анықталмай отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер