Нан тапшылығын жасыру: енді нанды тек түнде сатады

3966
Adyrna.kz Telegram

Ашхабадта қараңғыда кезек көрінбеуі үшін мемлекеттік дүкендердегі нан саудасы таңертең ертеге ауыстырылды. Бұл туралы Азатлык радиосы мәлімдеді,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Нанның мемлекеттік бағасы нарық бағасынан шамамен 10 есе төмен, деп түсіндіреді редакция. Ұн мен азық-түлік тапшылығы жағдайында бұл үлкен кезектің пайда болуына әкеледі. Редакцияға жіберілген видеода жүздеген адамның, оның ішінде кішкентай балалардың нанға кезекте тұрғаны көрсетілген. Нан таңғы сағат бесте, таң атқаннан 2 жарым сағат бұрын сатылымға шығады.

Сәуір айында «Азаттық» радиосының Түркімен қызметі елдегі аймақтық билік президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің беделін түсірмеу үшін азаматтарға азық-түлік дүкендерінің алдында кезекке тұруға тыйым салғанын хабарлады.

Түркіменстан соңғы жылдары терең экономикалық дағдарысқа ұшырады. Табиғи газ қоры бойынша әлемде төртінші орында тұрған ел азық-түлік тапшылығын бастан кешіруде. Халықтың қолма-қол ақшасы жетпей, заттай айырбасқа көшіп жатқаны хабарланды.

Ел билігі бұл мәселені жоққа шығарады. Маусым айында Дүниежүзілік банк сенімді статистиканың жоқтығынан Түркіменстанды жаһандық экономикалық перспективалар туралы есептен шығарып тастағаны белгілі болды. Сәуір айында Халықаралық валюта қоры Түркіменстанның ресми мемлекеттік статистикасын пайдалануды тоқтатты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер