Шымкентте ұлттық санақ жүргізу қарқынды жүріп жатыр

1366
Adyrna.kz Telegram
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданына Ұлттық халық санағын жүргізу науқанында үлкен жауапкершілік артылып отыр. Себебі аудан халық тығыз орналасқан, адам ағыны көп қаланың орталығы болып табылады. Тұрғындардың ұлттық санаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында аудан аумағында дыбыстық хабарлама ұйымдастырылды. Арнайы көлік дабыл дыбысымен азаматтарды санақтан өтуге шақырды.
Қазір Ұлттық санақтың екінші кезеңіне сәйкес азаматтар онлайн форматта санақтан өтіп жатыр, яғни қала тұрғындары 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өте алады. Сайт тәулік бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылды.
Онлайн санаққа қатыса алмағандар қазан 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.
Бүгінде Әл-Фараби ауданындағы нысандарды толық қамту үшін 29 учаскеге бөлініп, 265 нұсқаушы-бақылаушы және 186 интервьюер жұмыс атқаруда.
Барша азаматтарды санақта белсенділік танытуға шақырамыз. Қазақстанда әркім маңызды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер