Бұлай бола берсе, аштан қатамыз! - жұмыссыз әйел бас көтерді

4007
Adyrna.kz Telegram

Кабулда бір топ әйел көшеге шықты. Жоқшылықтан сіңірі шыққан олар тәліп жасағынан қорқуды да қойған, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әйелдер «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билігінен жұмыс істеуге кедергі жасамауды талап етті. Олар көшеге «Тамақ, жұмыс, бостандық» және «Ауғанстанды опаттан құтқарыңдар» деген ұран көтеріп шыққан.

Белсенділердің айтуынша, мемлекеттік қызметте істеп келген әйелдер қазір үйде отыр. Сондай-ақ елдің көп бөлігінде қыздардың мектепке баруына тыйым салынған. Ашынған әйелдер «Жағдай бұлай бола берсе, бәріміз аштан қатамыз» дейді.

«Отбасымызды асырауға бір тілім нан таба алмай отырмыз. Күнделікті қажетті ұн мен сұйық май сатып алуға көк тиынымыз жоқ. Үкіметтен еш қайран жоқ. Жағдайымыз өте қиын», – деп ашынды ереуілшілердің бірі Маржан Ахмади.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер