«Бақытты қалаға саяхат» байқауының екінші кезеңі басталды

4039
Adyrna.kz Telegram

Қаламыздың туристік имиджін дамыту, шаһардың көрікті орындарын насихаттау мақсатында туристерге ұмытылмас әсер сыйлау үшін - “БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ” байқауының екінші кезеңін бастаймыз!

Байқау жеңімпазына берілетін мүмкіндіктер:
-Өзімен қоса, Шырайлы Шымкенттің атмосферасын бірге тамашалаймыз деген жақынымен бірге келу;
- Шымкент қаласына тегін әуе билеті;
- “Aidana Plaza Hotel Shymkent” қонақ үйінде ақысыз бір күндік демалыс;
- Қаламыздың басты туристік нысандарына тур ұйымдастыру;
-Шымкент қаласының даму тарихын бейнелейтін «Цитадель» кешенін аралау;
- «Сандық» мейрамханасынан түскі ас;

ШАРТТАРЫ:
-Біздің @shymkent_tourism және @visitshymkent парақшаларына тіркелу;
-Дәл осы постқа өзіңізбен бірге келетін туысыңыз не досыңызды белгілеу; (неғұрлым көп белгілесеңіз, жеңімпаз атану мүмкіндігіңіз артады);
-Дәл осы постты, біздің парақшаны белгілей отырып сториске репост жасау (репост саны шектеусіз);
-Парақшаңыз ашық болуы тиіс
-Ең басты шарт - Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғыны болмауыңыз қажет.

🔹Жеңімпаз арнайы программа арқылы 5 қаңтар күні тікелей эфирде анықталады. 🔹Қосымша сұрақтар болса, “Visit Shymkent” call-центр нөмірі: 8701 1021717, 8702 109 1717.
Басты мақсатымыз - Шымкентке келген әрбір қонақ өзін жоғары дәрежелі инвестор секілді сезініп, сондай дәрежеде қызмет алуы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от WELCOME TO SHYMKENT🌷 (@shymkent_tourism)

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер