Ресей Думасы: Қызыл алаңнан Ленин, Сталиннің мүрдесін алып тастау керек!

4294
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік Думаның вице-спикері Борис Чернышов Кремль қабырғасының жанындағы Иосиф Сталин мен КСРО-ның басқа да мемлекет қайраткерлерінің бейіттерін, сондай-ақ кесенеде жатқан Владимир Лениннің мүрдесі бар мемориалдық зиратты Қызыл алаңнан алып тастауға шақырды. Бұл туралы ол РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Адамдар жаңа жылды атап өтіп, серуендеп, түрлі аймақтардан келетін мұз айдыны мен сауда орталықтары орналасқан жерде бұл күпірлік болып табылады, — деп түсіндірді парламент мүшесі.

Оның айтуынша, Қызыл алаң көптен бері «адамдарды мазақ ететін» жерлеу кешенінен босатылуы керек.

Бұған дейін Кремль өкілі Дмитрий Песков Ресей билігінің революционер және большевиктердің жетекшісі Владимир Лениннің денесін алып тастау жоспарлары жоқ деп мәлімдеді. Песков бұл мәселе қазір күн тәртібінде емес, себебі, басқа мәселелер толып жатыр деп қосқан болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер