Таразда түнде 10-нан астам көлік өртенді

312

Таразда түнгі толқулар әсерінен 10-нан астам полиция көлігі өртеніп, облыс әкімі аппаратының ғимараты мен банк бөлімшесі зардап шекті. Қаңтардың 4-і күні Тараз қаласының орталық алаңында Бердібек Сапарбаев жиналғандарды сабырға шақырып, заңсыздыққа бой алдырмай, диалог орнатуға шақырды.

"Алайда, өкінішке орай, бірнеше жүздеген жастар қаланың негізгі көшелерімен жүріп өтіп, тәртіпсіздіктер туғызып, бұзақылық әрекеттерге барды. Заң бәріне бірдей, оны бәрі орындауға міндетті! Мемлекет меншігіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу заңмен жауапқа тартылады. Біздің ойымызша, жүздеген жастар қандай да бір топтың ықпалына түсті. Баршаңызды арандатушылыққа бой алдырмауға және сабырлы болуға шақырамын!" - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің айтуынша, заңсыз әрекетке барған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктес/Партнер
Студия IMA - создание сайтов