Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

3002
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі ҚР ҚК 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысымен лауазымды тұлғаларға қатысты қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген Ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді»,— делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Пікірлер