Су тасқынынан зардап шеккендерді алдамақ болғандар ұсталды

1926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерді алдамақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерді біріктіретін WhatsApp чаттарында адамдар интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жіберіп жатқанын мәлімдеді.
«Ол бойынша өтемақы төлеуді күткен адамдар белгілі бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, SMS кодын жазуды ұсынады — бұл адамның су тасқынынан зардап шеккендердің тізімінде екенін растау үшін жасалады. Шындығында, осы кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына банктерден үлкен сомада несие рәсімдейді» — делінген полиция хабарламасында.
Комментарии