Республикалық акция жалғасуда

2237
Adyrna.kz Telegram

Республикалық «Мектепке жол» акциясы Шымкентте жалғасын тапты. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен 100 оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға білім алуға керекті дүниелер салтанатты жағдайда табысталды.

«Nur Otan»  партиясы биыл Ел Егемендігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс жобасын қолға алған болатын. Бүгінгі шара сол игілікті істің бірі. Мектепке жол акциясы аясында бүгін 51 оқушыға өз қажеттіліктеріне қарай құрал-жабдықтармен киім-кешектер таратылды. Атап айтқанда 18 оқушыға мектеп формасы табысталса қалғанына оқу құралдары толы сөмкелер үлестірілді. Ондағы мақсат барлық оқушының бірдей білім алуына мүмкіндік жасау.

Ербол Байқонысов – «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі

Бұның негізгі мақсаты мынау әлеуметтік мұқтаж отбасыларымыз бар. солар мектепке әлеуметтік  жабдықтарына байланысты әлеуметтік жабдықтарына байланысты келмей қалмауы керек деген ниетпен жасалып отыр. Бұл ертеңгі күні де жалғасады.

Гүлжан Сәдібекова көпбалалы ана. 6 перзентінің төртеуі мектепке барады. Барлығын бірдей мектепке әзірілеуге отбасының мүмкіндігі жоқ. Осы жағдайды ескерген партия мүшелері бүгін Гүлжанның 3 баласына мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-жабдық алып берді.

Гүлжан Сәдібекова – көпбалалы ана

Бұл жаққа бірінші рет келіп жатырмын рахмет. Алла разы болсын балдарыма сумка берді көпбалалы деп. Осы екеуі жақсы оқиды. Оқытамын қосымшаға беремін. Рахмет көп көп.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, Шымкентте әлеуметтік қолдауды қажет етеьтін және көпбалалы отбасынан шыққан 57 мыңнан астам оқушы бар. Биылғы акция аясында партия мүшелері қолдауды қажет ететін барлық отбасы балаларын қамтуды жоспарлап отыр.

 

М. Жарылқасын        

Пікірлер