24 қаңтардан бастап оқушылар офлайн оқитын болды

4425
Adyrna.kz Telegram
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 24 қаңтардан бастап барлық мектеп оқушылары офлайн форматта оқитынын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сонымен комиссия шешімімен мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды. Ал 600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептер толыққанды офлайн оқиды. 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде оқушылар саны 50%-дан аспауы тиіс. Бұл жағдайда министрлік 1-4-сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады.

5-11-сынып оқушылары үшін мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтінішін ескеру ұсынылады.

Ал колледждер мен ЖОО-да оқу аралас форматта өтеді. Практикалық, лабораториялық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе штаттық режимде, дәрістер онлайн форматта өтеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер