Қазақстан елшілері жаңа елдерге тағайындалды

1591
Adyrna.kz Telegram

Президент жарлығымен Қазақстанның басқа елдердегі екі елшісі өздеріне бекітілген мемлекеттердің тізімін кеңейтті, деп хабарлайды "Адырна". 

Сонымен, Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елші Болат Сүгірбаев бір мезгілде Бруней-Даруссаламдағы Елші болып тағайындалды.

Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елші Нұрлан Әделұлы Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан және Мальдив аралдарында қатарлас елші болып тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер