Тоқаев: Мақтау, мадақтау, жағымпаздыққа түбегейлі қарсымын!

3830
Adyrna.kz Telegram

Президент еліміздегі зиялы қауымның жағымпаздық әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Жағымпаздарға қатысты айтар болсақ, мен оған қарсымын. Мен мүлдем басқа ортада тәрбиелендім. Мақтау, мадақтау деген атымен болған жоқ. Ондай қолпаштау туралы әңгіме айтудың өзі артық шығар… Олай ешқашан да болған емес. Дегенмен біздің зиялы қауымды өзгерту қиын. Олар – басқа жағдайда тәрбие алған жандар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбат барысында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы елді Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық басқармайтынын жеткізген еді. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты орнына алуға қатысты пікір білдірген еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер