Назарбаевтың атын жамылып, әлі жеткендерді ұрып-соғады: Алтын Орда базарындағы былықтар

9562
Adyrna.kz Telegram

You Tube әлеуметтік желісінде Зубайда Сейдахметова атты қоғам белсендісі “ Була Назарбаев - рэкит, нағыз қылмыскер” атауымен бейнежазба жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазба сұхбат түрінде көлікте жазылған. Сұхбат берушінің аты-жөні Өгей апа. Айтуынша, көп жылдан бері базарда сауда жасап жүрген саудагер маман.

“2001 жылы марқұм Алтынбек Әлпиев “Алтын Орда” базарын ашты. Сол уақыттан бері әр түрлі салада жұмыс істедім. Ревизияға жібереді, бильярдта кассир боп та отырдым. Мен осы 2001-2021 аралығында Алтын Ордада жүрмін. Кейін мені Данияр деген директор мырза штаттық емес режимде тазалық жаққа қарай жұмысқа алған. Бірақ бұл Даниярдың келгелі 5 жыл болды, мемен айқасып келеді. Себебі бұл адам Назарбаевтардың атын жамылып, әлі жеткендерді ұрып-соғады. Өлтіреді, қамайды. Ойларына не келеді соны істейді.

Мені “ бұларың не, мұсылман баласына жат қылық қой” дегенім үшін қолымнан бұрап, телефонымды тартып алды. Қаншама азаматтарды, соның ішінде мигранттарды соққыға жығады. Егер базарға олардың қажеті жоқ болса, оларды толық тексеріп, неге еліне қайтармайды? Базарда 90% әр жерден келген мигранттар. Қалпақтар, тәжіктер, өзбектер, тіпті ауғаннан да келеді.

Базарда білікті учаскелік полицейлер бар. Біз оларға құжатсыз жүргендерді неге тексермейсіңдер деп дұрысымызды айтсақ, олар бізге “ базар бізге жұмыс істетпейді” деп жауап қатады.

2022 жылдың 5 қаңтар күні орын алған қайғылы оқиғада да базар өте қатты зардап шекті. Қаншама жер өртеніп, алтын сататын, әшекей-бұйым сататындардың заттары ұрланды. Бірінші тонап, кейін орынды өртеп жіберген.

Шеттен жау келмейді. Бұлар базарда жұмыс істеп жүрген адамдардың істері. Базардың директорынан күдіктенемін. Алғаппаров Данияр - базарға басшылық еткеніне 5 жыл болды. 5 жыл бойы ұрлық-қарлық, тонау, ұру. Арыз айтып, шағымдансақ жұмыстан шығарады. Менің бір айлық 95 мың теңгемді бермей қойды.

Қалпақтар, тәжіктер, ауғандар - базарды өртеген осылар, тағы қатарда Даниярдың өз адамдары да бар. Өздері ұрлап, оның орнын толтыру үшін ақшаның бәрі құрылысқа кетті деп алдарқатты.

Өзбектер, тәжіктер Қазақстанда сауда жасай отыра бірде бір салық төлемейді.

Мен базарға қарыз емеспін. Мен ешқандай депутат емеспін. Мен қорықпаймын, шындықты ғана айтамын. Өзім мүгедек жанмын. Таяуда ғана онкологиялық аурумен ауырып, химия алдым. Денсаулық жағдайыма қарамастан, маған қоқаң-лоқы көрсетеді. Бұл “Назарбаевтың базары” деп атын жамылып, ойларына келгенін істейді.

Бұл базарда болып жатқан былықтарды Назарбаевтар білмейді. Тек атын жамылып қана жүр.

Болат Назарбаевты оның ұлы Нұрболды да білемін. Олар ұрылар емес. Өте қарапайым адамдар. Бетпе-бет кездестім, бұрын бутигім өртенген кезде де келіп, орнына қойып берген.

Алтын Орда базары толықтай тексерілсін! Небір қылмыстың бәрі ашылмай жатыр. Алтын Орданың ішінде көбіне өзге ұлт өкілдері сауда жасап жүр.

Базардың бастығы Даниярды тергеуге алып, қылмыстарын әшкерелесін. Менің басқа айтарым жоқ,- деді базарда жұмыс істеп, қорлық көргенін жасырмай, араша сұрап отырған Өгей апа.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер