Миллиард теңге: Айсезімнің еміне қажетті сома жиналды

2628
Adyrna.kz Telegram

Айсезім есімді бір жарым жасар балапанның еміне қазақстандықтар бір миллиард теңге жинады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Еркін Айсезім есімді  бар жоғы 1 жас 7 айлық бүлдіршіннің ауыр дертке шалдығуы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Жұлын бұлшықет атрофиясына (ең агрессивті) шалдыққан бүлдіршіннің емінің инъекциясы, құны (Золгонсма) бір миллиард теңгені құрайды. Кеше, яғни 7 ақпан күні Айсезімнің еміне толық сома жиналды.

"Жаңа эфирде көзімнен жас бұрқ ете қалды. Қуаныштың көз жасы ғой… Осыдан 2-3 ай бұрын Айсезімнің ата-анасымен эфирге шыққанда… Анасы Салтанат қызымның шашын өріп, бала-бақшаға апарғым келеді, әдемі киіммен мектепке апарғым келеді деп эфирде жылағаны бар еді. Сол кезде “бұйырса ол күнге де жетеміз” Әумин! Жаңа сол сөздер еске түсіп, көзіме еріксіз жас келді. Бұл бір тарихи күн! Мұздаған жүрекке жылулық берген қайырымдылық марафоны өз мәресіне жетті! 1 ғана уколдың өзі АҚШ-та 2,3 миллион доллар (1 миллиард теңге) тұрады" деп жазды Дәулеттен есімімен белгілі Дәулет Төлеутайұлы.

Бүлдіршіннің еміне еліміздегі танымал блогер, әнші, қоғам белсенділері ат салысты.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы инъекцияны алғаш рет Ақсайлық Эмир есімді бүлдіршін алған болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Еркин Айсезим👼🏻 1год 7 месяцев (@aisezim_sma_taraz) 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер