Полицейлер студенттердің тістерін жұлып, үтікпен азаптаған (ВИДЕО)

2614
Adyrna.kz Telegram

Facebook желісінде ер адамның журналистке туысының тергеуде қалай азапталғаны туралы айтқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" сайты turkystan.kz-ке сілтеп.

Оның айтуынша, кәмелетке толмаған студенттердің тістеуікпен тістерін жұлып, арқаларына үтік басқан көрінеді.

«Туысым кәмелет жасына толмаған 2-курс студенті. Сол сияқты, оның қасында отырғандар да 16-17 жастағы балалар. Біз тергеу кезінде қасында бола алмадық. Адвокатымыз сендерді қалай тергеді деген кезде, арқамызға үтік басты, тістеуік алып, тістерімізді жұлды деген. Төрт тісі босаған. Бұл деген сұмдық қой! Жас студент балалар не біледі? Олар террорист емес, сабағына барып-келіп жүрген балалар», – дейді жәбірленушінің ағасы.

Пікірлер